Текст
30.10.2026
Ақмола облысы Психологиялық қолдау орталығының мамандары Щучинск қаласындағы №4 орта мектепте «Отбасы болу өнері: Тыңдау. Түсіну. Қолдау.» тақырыбында ата-аналарға арналған конференциясын өткізді. Іс-шараға қала мектептерінің ата-аналары қатысты.Конференция барысында балалардың психологиялық саулығын сақтау, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайы және олардың психологиялық қиындықтарының алдын алу мәселелері талқыланды. Мамандар ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнатудың, олардың сезімдері мен қажеттіліктеріне назар аударудың және қиын жағдайларда дер кезінде қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндірді.



