"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 4 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Мектепке бару кестесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» аудандық байқауы өтті

20.10.2026

2026 жылғы 19 20 қазан күндері Щучинск қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде Бурабай ауданының жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдау және білім беру саласындағы шығармашылық бастамаларды дамыту.

Екі күнге созылған байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, «Креативті мұғалім», «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» және «Дене шынықтыру пәнінің заманауи сабағы» бағыттары бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, үздік қатысушылар марапатталды. Аталған байқау педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби әлеуетін арттыруына және дене шынықтыру пәнін оқытудағы заманауи әдістерді жетілдіруге мүмкіндік берді.

Просмотров: 127


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст