Наурыздың жаршысы, шуақты әрі шаттыққа толы Масленица мерекесіне орай мектебімізде мейірім мен жылулыққа толы жәрмеңке өтті
Ата-аналарымыздың күш-жігерімен, сондай-ақ мұғалімдер мен КПИ мамандарының белсенді қолдауымен дәмді тағамдар мен шығармашылық бұйымдар ұсынылған мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Біз өз жұмыстарымызды үлкен ықыласпен таныстырдық, ата-аналар жүрек жылуын мен қамқорлығын қосты, ал педагогтер мен КПИ мамандары ұйымдастырушылық әрі шығармашылық қолдау көрсетті.
Ең бастысы — жәрмеңкеден түскен барлық қаражат қайырымдылыққа бағытталды. Бірлескен еңбектің арқасында бұл мереке тек көңілді әрі жарқын ғана емес, шынайы мағыналы іс-шараға айналды — баршамызды игі іс жолында біріктірді.
Ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, КПИ мамандарына, белсенді ата-аналарға және талантты оқушыларымызға бастамашылдығы, жанашырлығы мен бейжай қарамайтындығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жақсылық жасаған жанға жақсылық еселеніп қайтсын, ал жүрегімізде әрдайым мейірім мен өзара көмекке орын болсын


